2021

"2021 Юнус Эмре (Жүніс Әміре) және Түрік тілі жылы"

Қожа Ахмет Ясауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны Юнус Эмренің (Жүніс Әміре) дүниеден озғанына 700 жыл болды. Бұған байланысты биыл ұлы тұлғаны еске алу рәсімдері мен мерекелік іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылуда.

11 Aralık 2021 00:13

 

Юнус Эмре - (1240-1320)  Анадолыдағы Қожа Ахмет Ясауинің жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны.

Юнус Эмренің өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Кейбір ескі қолжазбаларда оның хижра бойынша 720 ж. 82 жасыңда қайтыс болғандығы жазылған.

Бұл деректерді оның өз шығармалары да («Насихаттар кітабы») растайды. Жүніс Әміренің қай жерде жерленгені белгісіз. 

Түркияның әр түрлі аймақтарында Жүніс Әміреге арналып кұлпытастар қойылып, мазарлар салынған.

Юнус Эмре өлеңдерін Қожа Ахмет Ясауи жолымен халыққа Ислам дінінің қағидаларын түсіндіру үшін жазған. Ақын ұғымы бойынша, адам денесі су, топырақ, от, ауалан жаратылған. Осы денеге кейіннен жан (рух) берілген.

Су - тазалық, жомарттық, жақсылық және  Аллаһқа қауышудың символы.

Топырақ - сабыр, жақсы мінез, қанағат, намыс және иманның қайнары.

От - менмендіктің және қызғаншақтықтың кек алудың символы.

Осы төрт нәрсенің қонағы жан (рух) ұлылық, жақсылық, сұлулық, жалғыздық секілді Аллаһқа тән қасиеттерді сағынушы, Аллаһқа ғашық.

От пен ауа жаман ниеттерді ортаға шығарады. Нәпсі жамандықтарынан құтылудың алғашқы шарасы - ақыл.

Бірақ шын құтылудың жолы - ғашықтық. Өйткені ақылға толық сенуге болмайды. Ғашықтық адастырмайды, сондықтан Аллаһқа жетудің ең сенімді жолы оған ғашық болу.

Юнус Эмре өз өлеңдерін XIII - XIV ғасырдағы Анадолы оғыздарының халыққа түсінікті қарапайым тілінде шығыстық аруз өлшемнің, ІІ буындық түрік өлшеміне сәйкес жазған.

Өзінен кейінгі ақындарға ұстаз болып, қарапайым халық тілімен де тамаша өнер туындысын жасауға болатындығын дәлелдеген.

Діни, сопылық терминдердің арабша, парсыша атауларымен бірге түрікше аттарын катар қолданған.

Жаңалықтар