Алтын-Арашан алқабы мен жайлауы, Қырғызстан

Алтын-Арашан алқабы керемет сұлулығымен туристердін назарын өзіне аударуда.

31 Ekim 2021 17:05

 

Алтын-Арашан алқабы және жайлауы Ыстықкөл аймағында орналасқан. Бұл жерде қарлы тауларды, шырша ормандарыны, күлгін гүлдерді, сарқырамаларды және бұлақтарды көруге болады.

Алқаптағы өзеннің бойында Кеңес заманынан бері сақталған бірнеше демалыс үйлері бар. Алайда бүгінде аймақта эко-туризм дамып келе жатыр.

Қаракөл қаласынан небары 10 шақырым жерде орналасқан Алтын-Арашан жайлауына жыл сайын мыңдаған туристер келуде.

Сондай-ақ теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте орналасқан "Палатка" атты шыңға шығу үшін альпинистер келіп тұрады.

 

Жаңалықтар