16 Ekim 2021 18:06
Әуежай А классты IATA стандарттарына сәйкес жұмыс істейді: бір сағатта 2000 жолаушы тасымалдайды, ал жылына 14 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.
Әуежайдың жалпы ауданы 1200 га құрайды. Оның сәулеті қанаттары жайылған сұңқарға ұқсайды.
Әуежай жолаушылар қауіпсіздігі үшін инновациялық технологиялармен жабдықталған: кешенде жүк терминалы, ашық және жабық авто-паркинг, қоғамдық тамақтану орындары, медициналық пункт, мейрамхана, VIP салондар, жабық спорт залдары, техникалық қызмет көрсету және т.б. бөлімдер жұмыс істейді.
Ашқабад халықаралық әуежайының құрылысына 2,250 миллиард доллар жұмсалды.