28 Kasım 2021 16:39
Түрікменстан астанасы Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммиті өтті.
ЭЫДҰ саммитіне Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоған, Иран Президенті Ибрагим Раиси, Пәкістан Президенті Ариф Алви, Тәжікстан президенті Эмомали Рахман және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысты.
"Қарақұм" қонақ үйінде өткен саммит аясында Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоған ЭЫДҰ-дағы кезекті төрағалығын Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовқа тапсырды.
Түрікменстан Президенті Бердімұхамедов саммитте сөйлеген сөзінде ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбына назар аударды.
"Түрікменстанның ЭЫДҰ аясындағы маңызды басымдықтарының бірі Көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады." - деді ол.
Сонымен қатар Бердімұхамедов Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты бойынша электр беру желісінің, Түрікменстаннан Ауғанстанға өтетін теміржол желісінің және Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ құбырының құрылысы жалғасып жатқанын атап өтті.
Түрікменстанның президенті сонымен бірге Ауғанстандағы жағдайға қатысты ауған халқына жедел және тиімді гуманитарлық көмек көрсету қажеттігін атап өтіп, ЭЫДҰ-ға мүше елдерін коронавирус індетінің алдын алу жолындағы күш-жігерді ынтымақтасып жасауға шақырды.