17

"Астана" келіссөздеріне қатысатын кепілгер елдер: Түркия, Ресей және Иран 17 рет жиналады

17-ші "Астана" келіссөздері 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін болады. Отырыстарда Сириядағы дағдарысқа тиесілі шешім жолдары қарастырылады.

17 Aralık 2021 11:59

Келісөздер аясында Конституциялық комитеттің жұмысы басым тәртіппен қаралатын болады.

Қазан айында Женевада Конституция бойынша келіссөздер режимнің келісілмеген ұстанымына байланысты сәтсіз аяқталған болатын.

Баспана іздеушілердің жағдайы талқыланады

Сириядағы азаматтық соғыстан кейін миллиондаған адамдар халықаралық көмекпен өмірлерін жалғастыруда.

"Астана" келіссөздер барысында қауіпсіз гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігі қозғалады.

Келіссөздер барысында тұтқындармен алмасу, кепілдікке алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу сияқты мәселелер қарастырылады.

Айта кетейік, 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен 16-шы келіссөздерде Сириядағы қазіргі жағдай, гуманитарлық көмекті жеткізу, Женевадағы Сирия Конституциялық комитетінің жұмысын қайта бастау, тұтқындармен алмасу, кепілдікке алынғандарды босату және жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары сияқты тақырыптар талқыланған болатын.

Жаңалықтар