Атырауда "Алтын Орданың мұрасы" атты ғылыми конференция өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияға бейне-хабарлама жіберді.

31 Ekim 2021 00:50

Орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған Сарайшық Атыраудың аймағында орналасқан болатын. Осыған байланысты конференция Атырау қаласында ұйымдастырылды.

Атырау қаласы әкімінің бастамасымен өткен конференцияға Қазақстанның Президенттік басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, археологтар және баспасөз қызметінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коференцияға арнайы жіберген бейне-хабарламасында Алтын Орда мен Қазақстанның қазіргі тарихы арасындағы терең байланысты атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ жерінде Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы Жошы ханның кесенесі мен  Алтын Орданың алғашқы астанасы Сарайшық қаласының орналасқанына назар аударды. "Біз Алтын Орданың мұрасын бүкіл әлемге дәріптеуіміз керек. Сондай - ақ, өңірде туризмді дамыту қажет." - деді Президент.

Анкара университеті тарих кафедрасының ғылыми қызметкері Серхан Чынар Алтын Орда Мемлекетінің XIII ғасырдан бастап түркі халықтарын біріктіретін орталыққа айналғанына тоқталды.

Конференцияда жасалған баяндамаларда бұл аймақтың маңызды саяси орталықтарының бірі болғанына қарамастан, Алтын Орда мемлекетінің тарихы Кеңес Одағы кезінде жеткілікті зерттелмегені атап өтілді. Қазақстан тәуелсіздігін қайта алғаннан кейін бұл салада маңызды жобалар жүзеге асырыла бастады.

Отырыстың аяғында қорытынды декларацияға қол қойылды. Осыған сәйкес, Алтын Орданың тарихы халықаралық деңгейде зерттеледі, мұрағаттар тексеріледі, арнайы институт құрылады, мамандар дайындалады, ғылыми мақалалар жарияланады және көрмелер өткізілетін болады. Сондай-ақ тарихи Сарайшық қаласының туризм саласында танытылуы үшін жобалар жүзеге асырылады.

Жаңалықтар