8-3

Қазақстан экономикасы 8 айда 3%-ға өсті

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев мәлім етті.

14 Eylül 2021 20:21

Ирғалиев Министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасының бұл жылдың 8 айында  қызмет көрсету саласында өскенін, индустриялық емес секторларға инвестициялардың тартылу деңгейінің көтерілгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар министр саудада оң теңгерім сақталып отырғанын атап өтті.

Министр: "2021 жылдың қаңтар-тамызында ел экономикасы 3 пайызға өсіп, жүйелі түрде қалпына келді. Нақты сектор экономика тұрақтылығының басты факторы болып қала береді. Аталған кезеңде нақты сектор 3,5 пайызға өсті. Қызмет көрсету саласындағы коммерциялық белсенділік 2,3 пайызға өсті," - деді.

Ирғалиев, сондай-ақ құрылыс, сауда, өндіріс, байланыс және ауыл шаруашылығы секторындағы оң өсім де экономика көрсеткіштеріне әсер ететінін атап өтті.

Министрдің мәлімдемесіне сәйкес, елдің сыртқы сауда көлемі жылдың 8 айында 53,7 миллиард долларды құрады, оның ішінде шикізат экспорты 23,4 пайызға өсіп, 10,4 миллиард долларды құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев халықтың нақты табысы 1,5 пайызға өскенін хабарлап:
"Инфляцияның өсуі, экономиканың тез қалпына келуі және тиісінше тұтынушылар тарапынан өсіп келе жатқан сұраныс сияқты факторларды назарға ала отырып, біз Ұлттық банк ретінде 13 қыркүйекте пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтеріп, 9,5 пайызға дейін арттыру туралы шешім қабылдадық" - деп мәлімдеді.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан экономикасы,

Жаңалықтар