16 Ağustos 2022 16:11
Бұл туралы Жамаубаев Министрлер Кабинетінің апта сайынғы отырысынан кейін мәлімдеді.
Қазақстан Ресеймен Еуразиялық даму банкіндегі Ресей үлесінің бір бөлігін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан Жамаубаев: "Біз мұндай мәселені жоққа шығармаймыз. Бұл сұрақ қарау сатысында болғандықтан, түпкілікті шешім әлі қабылданбады." - деді.
Жамаубаев Еуразиялық Даму Банкі қазір тұрақты жұмыс жүргізіп, сондай-ақ санкциялардан қатты зардап шекпегенін атап өтті.
Штаб-пәтері Алматыда орналасқан Еуразиялық Даму Банкі 2006 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстанда Еуразия елдерінің интеграциясына инвестиция салатын халықаралық қаржы ұйымы ретінде құрылды.