01 Temmuz 2022 16:09
Президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.
– Басқаша айтқанда, біз болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженерлер мен техникалық мамандарды дайындауымыз керек. Мүлдем жаңа оқу-өндірістік база құру қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Президент Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.