Қазақстан әлеуметтік желілер компанияларына қатысты заң жобасын талқылауда

Қазақстан Парламенті әлеуметтік желілер компанияларды өкілдіктер ашуға міндеттейтін заң жобасын қарастыруда.

17 Eylül 2021 16:38

Кибершабуылға қарсы іс-қимылға бағытталған заң жобасына сәйкес, елде өкілдігі жоқ немесе ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ шетелдік әлеуметтік желілерге және хабар алмасу программаларын қолдануға шектеулер қойылады.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтар компания өкілінің міндеттерін орындай алмайды, деп хабарланды. Мемлекеттің уәкілетті органының жазбаша ескертуіне сәйкес әлеуметтік желі компаниялары 24 сағат ішінде парақшалардан белгілі бір контентке қолжетімділікті жою немесе шектеу туралы шешімді қабылдауы тиіс.

Қазақстанның Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев өз мәлімдемесінде қаралып жатқан заң жобасына түзетулерді қолдайтынын мәлімдеді. "2020 жылы кибершабуылдың 70 мыңға жуық жағдайы анықталды. Біз әлеуметтік желілер компанияларына осы мәселе бойынша контентті алып тастау туралы 1800 өтініш жібердік, 2021 жылға қарай бұл сан артып, шамамен 140 мыңға жеткенін анықтадық."- деді Ойшыбаев.

Жаңалықтар