26 Kasım 2021 18:14
Мамин мен Арипов шекаралас елдердің ынтымақтастығын нығайту мақсатымен ұйымдастырылған "Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық серіктестігі" форумында кездесті.
Түркістан қаласында өткен "Трансшекаралық ынтымақтастық" тақырыбындағы үшінші форумға екі елдің министрлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және көптеген іскер адамдар қатысты.
Форумда инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, су ресурстары, энергетика, өнеркәсіп және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективалары, атап айтқанда, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы талқыланды.
Қазақстан Премьер-Министрі Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Арипов форумда Орталық Азиядағы жалпы өңірлік сауданың шамамен 70 пайызы екі елге тиесілі екенін мәлімдеді және алдағы 5 жылда екіжақты сауда көлемін 5 млрд доллардан 10 млрд долларға дейін ұлғайтуға уағдаласқанын хабарлады.
Сонымен қатар, тараптар екі елдің шекарасында құрылысы жалғасып жатқан "Орталық Азия халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы" орталығының маңыздылығына аса назар аударды.
Мамин Арал теңізі аймағында ағаш отырғызу бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.
Форум аясында екі ел арасында жалпы құны 611,3 млн доллар болатын түрлі салаларда 54 инвестициялық келісімге қол қойылды.
Арипов форумнан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, "Ұлы дала" орталығына және Керуен-Сарай туристік кешеніне барды.