21 Temmuz 2022 12:50
Ертең Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың ұйымдастыруымен елдің курорттық орталығы Чолпон-Ата қаласында "Орталық Азия Мемлекет Басшыларының 4-ші кеңес жиналысы" өтеді.
Жиналыстан бұрын Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекет басшылары Ыстық көлде қайықпен экскурсия жасады. Қонақ болып келген Тоқаев пен Мирзииевке арналған қырғыз мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыратын арнайы бағдарлама көрсетілді.
Президенттерге қырғыз халқының дәстүрлі шатыр үйлері, киім-кешек, қолөнер, фольклор, ойындар, халық әндері, ат үстіндегі түрлі ойындар, бүркіттермен және иттермен аң аулау ойындары, сондай-ақ атқа мінген тәжірибелі шабандоздардың шеберлігі ұсынылды.
Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің ұйымдастыруында іске асырылған бағдарлама аясында түрлі шаралар өтті.