Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Түркияның Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арсланмен кездесті

Қазастанға ресми сапармен келген Түркияның Конституциялық Сотының Төрағасы ұлттық медальмен марапатталды.

19 Kasım 2021 21:14

Алдымен жеке жиналыс өткізген Мәми мен Арслан, делегациялардың төрағалары ретінде кездесулерді жалғастырды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесулерге Түркияның Қазақстандағы Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи де қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Зухту Арсланның төрағалығындағы делегациямен кездесуге қуанышты екенін білдіріп, мұндай іс-шаралар ынтымақтастықты дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтті.

"Бұл кездесу екі елдің конституциялық институттары арасындағы өзара достық ынтымақтастықты білдіреді."- деп айтты Мәми.

Ресми келіссөздерден кейін Мәми, Түркияның Конституциялық Соттың Төрағасы Арсланға "Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы" медалін табыс етті.

Айта кеткеніміз жөн, бұл медаль Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Конституциялық құндылықтарға қосқан үлесі үшін беріледі.

Өз кезегінде Арслан қазақтың ұлы тұлғасы - ақыны, философ Абай Құнанбайұлының "Әділдік-барлық игі істердің анасы" деген сөздерімен алғысын білдіріп: "Қазақстан соңғы екі жыл ішінде Азияның Конституциялық Соттары Одағын басқарып, эпидемиялық жағдайларға қарамастан одақтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуде. Бұл үлкен жетістік. Сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Түркия Сот жүйесінің 9 жыл бойы жүргізіп келе жатқан Халықаралық жазғы оқу мекемесіне өте маңызды үлес қосып, тәжірибесімен бөліскеніне өте ризамыз." - деді.

Арслан Қазақстанға іске асырып келе жатқан ресми сапары аясында Алматы мен Түркістанға да барады деп күтілуде.

 

Жаңалықтар