31 Ağustos 2021 00:00
Қазақстан 30 жыл бұрын Семей ядролық сынақ орнын жабу туралы шешім қабылдап, әлем бойынша өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел ретінде тіркелді.
Кейіннен тәуелсіздігін қайта алған Қазақстан ядролық қарусыздануды сыртқы саясатындағы негізгі мәселелердің біріне айналдырды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанның бастамасы бойынша 29 тамыз күнін "Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні" ретінде қабылдады.
2010 жылдан бастап жыл сайын БҰҰ шешімі бойынша бүкіл әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Бұл күнге орай Қазақстанда бір апта бойынша бүкіл білім беру және әлеуметтік мекемелерде семинарлар мен көрмелер өткізіледі. Баспасөзде ядролық қарудың құрбандары туралы хабарламалар жасалады.
Айта кетейік, 1947 жылы Кеңес Одағы басшылығының құпия шешімі бойынша Қазақстан аумағында Одақ тарихындағы алғашқы ядролық полигонның құрылысы басталды.
Еліміздің шығысындағы Семей қаласынан 130 шақырым жердегі үлкен алаң ядролық полигон орны ретінде белгіленді. Жалпы ауданы 18 мың шаршы метр болатын сынақ учаскесінің құрылысы 2 жыл ішінде аяқталды.
1949 жылы 29 тамызда Кеңес Одағы алғашқы ядролық қаруды сынап көрді. Семейдегі ядролық сынақ полигонында жалпы 40 жыл ішінде 456 ядролық сынақ өткізілді.
1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен ядролық сынақтардың нәтижесінде аймақта көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар дүниеге келді, ал қоршаған орта радиоактивті изотоптармен ластанды. Алайда, 1989 жылы қазақ ақыны және жазушысы Олжас Сулейманов құрған "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының мүшелері ядролық сынақтарға арналған алаңды жабу жөніндегі іс-шараларды өткізе бастады. Бүкіл ел бойынша көптеген азаматтардың қатысуымен митингілер тудырған қозғалысқа шақыру өз мақсатына жетті. 1989 жылғы 19 қазанда Семейдегі ядролық сынақ полигонында соңғы ядролық сынақ өткізілді.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын басқарған Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы басшылығының мақұлдауынсыз полигонның жабылуын талқылау үшін жиналыс өткізді.
1991 жылғы 29 тамызда Назарбаев қол қойған жарлығымен Семейдегі ядролық сынақтар полигоны ресми түрде жабылды. Осылайша, Қазақстан әлем бойынша өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел ретінде тіркелді.