03 Temmuz 2022 23:46
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде еліміз көрші және достас Өзбекстанда болып жатқан оқиғаларды алаңдаушылықпен бақалағаны туралы айтылған.
"Өзбекстан - Қазақстанның сенімді одақтасы және стратегиялық серіктесі болып табылатын бауырлас мемлекет, сондықтан еліміз көрші және достас елдегі оқиғаларды алаңдаушылықпен бақылауда. Біз Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Өзбекстанның жоғары басшылығы қабылдаған шешімдерді қолдаймыз," - делінген хабарламада.
Қарақалпақстан автономиялық Республикасындағы наразылықтар
Қарақалпақстанның астанасы Нукус қаласында Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстан автономиялық Республикасының мәртебесі туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы кейбір ұсыныстары наразылық тудырды.
Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиеев Қарақалпақстанның мәртебесі өзгермейді деп мәлімдегеніне қарамастан, демонстрациялар жалғасты.
Осыдан кейін Өзбекстан басшылығы 2 шілдеде Қарақалпақстан автономиялық Республикасында 2 тамызға дейін төтенше жағдай жариялады.