29 Ekim 2021 13:05
"Арман" кинотеатрында Мәдениет және туризм министрлігі мен Алматыдағы Түркияның Бас консулдығының қолдауымен "Жергілікті ой" қауымдастығының ұйымдастырған түрік фильмдерінің алтыншы аптасының салтанатты тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демиржан, Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің кинофильм бөлімінің бас директоры Еркін Йылмаз, Түркияның "Ақ" саяси партиясының Орду қаласы депутаты Метин Гүндоғду, Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжы, Қазақстанның Алматыдағы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Асқар Шоқыбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, профессор, доктор Жансейіт Түймебаев, әйгілі қазақ режиссеры Ақан Сатаев және көптеген қонақтар қатысты.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілі Асқар Шоқыбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тек саяси және экономикалық салалармен шектелмей, мәдениет саласында да қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжы өткен жылы індетке байланысты фестивальді ұйымдастыра алмағандарын еске салып: "Биыл біргеміз. Елдеріміздің ынтымақтастығы мен серіктестігі жыл сайын көптеген салаларда нығаяды деп үміттенеміз," - деді.
Айта келе жатсақ, түрік фильмдері фестивалі 27-31 қазан аралығында өтеді.
Түрік фильмдері апталығы аясында үздік түрік режиссерлердің марапат алған 6 туындысы көрсетіледі.