3

Қазақстанда КВИ-ға қарсы екпенің 3-ші компоненті салынады

Қараша айының соңында коронавирусқа қарсы екпенің 3-ші доза салынуға бастайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14 Ekim 2021 15:18

Министрліктің жариялаған мәліметтеріне сәйкес елімізде өткен екі аптада вирус жұқтырып алған адамдардың саны 30%-ға, өлім-жітімнің саны 40%-ға төмендеді.

Қабылданған жаңа қарар бойынша Қазақстанда қарашаның соңында коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасы енгізілуге бастайды. Бірінші кезекте денсаулығы бойынша қауіпті санатта орын алатын азаматтарға, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне, мұғалімдер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне екпе салынатын болады.

Айта кетейік, елімізде жаппай вакцинациялау жұмыстары бұл жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын да алған адамдардың саны 7 миллионнан асты.

Өткен тәулікте Қазақстанда 1985 вирус оқиғасы тіркелді. Жалпы анықталған вирус жағдайлардың саны 910 мың 832 болып тіркелді. 

Жаңалықтар