Қазақстанда Низами Гянджеви шығармаларының көркем альбомы шығарылды

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы тарапынан Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған шарада Әзербайжан ақыны және ойшылы Низами Гянджевидің өлеңдерінен шабыт алған шағын картиналардан тұратын альбомның тұсауы кесілді.

15 Aralık 2021 01:45

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында өткен іс-шараға ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрқиса Дәуешов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Азиядағы ынтымақтастық және сенімді нығайту мәселелері жөніндегі конференцияның атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Елбасы кітапханасының басшысы Бақытжан Темірболат, Әзербайжанның Қазақстандағы өкілетті елшісі Агалар Атамогланов, сондай-ақ Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстан дипломатиялық миссияларының өкілдері және баспасөз өкілдері қатысты.

Іс-шарада кіріспе сөзін сөйлеген ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, биыл Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің жарлығымен 880 жылдығына байланысты "Низами Гянджеви жылы" деп жарияланғанын еске салды.

Гянджевидің бүкіл түркі әлемінің ортақ ақыны болғанын айта келе, Қасейінов ТҮРКІСОЙ ұйымының бір жыл ішінде ауқымды мемориалдық іс-шаралар өткізгенін мәлімдеді.

Рәсімде Низами Гянджевидің өлеңдерінен шабыт алынған миниатюралық суреттерден тұратын көркем альбомның тұсауы кесілді.

Ағылшын тілінде басып шығарылған көркем альбом 100-ден астам картинадан тұрады.

Өткен шарада Гянджевидің шығармалары, құндылығы мен өмірі туралы презентациялар мен көрме өтті.

 

Жаңалықтар