19 Ekim 2021 17:36
Министрлер Кабинетінің отырысында сөз сөйлеген Цой елдегі эпид ахуал туралы мәлімет берді. Министр ауыр науқастар мен ауруханаларда емделушілердің саны едәуір төмендегенін атап өтті және тамыз айынан бастап бүкіл ел бойынша Ковид-19 жұқтырған адамдарды емдейтін 103 уақытша денсаулық мекеменің жабылғанын мәлім етті.
Елімізде белгіленген екпе салу жоспарына сәйкес 11,4 миллион адамды вакцинациялау керек екендігіне тоқталған Цой қазіргі уақытта 7,1 миллион азаматтың екпе алғанына назар аударды.
Министрдің айтуынша халқымыздың жалпы 70 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алды.
20 қазаннан бастап Қазақстанда коронавирустың өршуіне енгізілген шектеу шаралары алынып тасталады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі жұқпалы індетпен күресу аясында үшінші доза екпе жұмыстарының басталатынын мәлім еткен болатын.