Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтілді

1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті.

02 Aralık 2021 13:39


Тәуелсіз Қазақстанның маңызды күні болып табылатын 1 желтоқсан, 2012 жылдан бастап "Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" ретінде атап өтіледі.

Биыл мерекеге арналған іс-шаралар Ақорда Президенттік сарайының алдында туды көтеру рәсімінен басталды.

Бүкіл ел бойынша ұлттық және мәдени құндылықтарға арналған шаралар өткізілді. Мұражайларда арнайы көрмелер ашылды. Президент күні туған сәбилерге сыйлықтар таратылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық банкі мерекеге орай Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген, номиналы 20 мың теңгелік жаңа банкнотаны ұсынды.

Ұлттық телеарналарда Назарбаевтың өмірі мен оның президенттік қызметі туралы баяндайтын фильмдер көрсетілді.

Айта кетейік, Назарбаев 28 жыл Қазақстан Президенті қызметін атқарды. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. 

 

 

Жаңалықтар