Қазақстанда жұқпалы індетке байланысты енгізілген шектеу шаралары жеңілдетіледі

Коронавируспен күресу аясында қабылданған сақтық шаралары жеңілдетілетін болады.

14 Eylül 2021 09:48

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мәлімдеуінше елімізде жеке іс кездесулеріне, демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне, ұлттық командалар мен спорт клубтарының жаттығу өткізуіне рұқсат етілді.

Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша мешіттердің аулаларында жамағат түрде жұма намаз оқуға болады, деп хабарланды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің 2 компонентін салған адамдардың саны 6 миллионға жуық.

 

Жаңалықтар