10 Eylül 2021 18:43
Қазақстан Ұлттық статистика басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, елімізде 1 қыркүйектен басталып, 30 қазанға дейін жалғасатын жалпы халық санағында электрондық және дәстүрлі әдіс қолданылуда.
Қазақстан азаматтары 1-шы қыркүйектен бастап, 15-ші қазанға дейін sanaq.gov.kz сайтында электронды түрде санаққа қатыса алады. Электронды түрде есептеуге қатыспағандар 30 қазанға дейін дәстүрлі түрде өтетін сынаққа қатысуы қажет болады.
Бүгінгі таңда 1 миллионнан астам адам алғаш рет жалпы халық санағына электронды түрде қатысты, бұл әдісті көбінесе Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары таңдауда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет және пошта бөлімшелерінде және ойын-сауық, сауда орталықтарында азаматтардың электрондық санаққа қатысуын жеңілдету үшін қолдау қызметтері жұмыс істейді.