200

Қазақстаннан 200-ден астам кітап Түркия президенті әкімшілігі жанындағы кітапханаға табысталды

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы кітапты сыйлау рәсіміне қатысты.

15 Aralık 2021 14:36

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбектерін де қамтыған қазақ әдебиетінің 200-ден астам еңбегі Түркияның Президенттік Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды. 

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы іс-шаралары аясында Қазақстан Түркия Республикасы Президенттік Ұлттық кітапханасына сыйға тартқан қазақ әдебиетінің 200-ден астам еңбегін тапсырып беру үшін бас қала Анкарада рәсім ұйымдастырылды.

Рәсімге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының төрайымы Үмітхан Мұңалбаева, Түркияның Президенттік Ұлттық кітапханасы басқармасының төрағасы Айхан Туғлу және қонақтар қатысты.

Елші Абзал Сапарбекұлы рәсімдегі сөзінде:

"Президенттік Сарай Ұлттық кітапханасына тапсырылатын кітаптардың Қазақстан мен Түркия арасындағы әдеби және гуманитарлық байланыстарды күшейтуге, қазақ және түрік халықтары арасындағы бауырластықты бекемдеуге есе қосатынына сенемін," - деп айтты.

Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының төрайымы Үмітхан Мұңалбаева аталмыш кітаптарды Түркияға ұсыну өздері үшін маңызды бір міндет екенін білдіріп:

"Бізге ең жақын түркі тілдес Түрік мемлекетіне, еліне, халқына біздің тарихымызды насихаттаудың үлкен тәсілі ол кітап. Сол себепті құрметпен, қошеметпен қараймыз. Себебі біздің тәуелсіздігімізді бірінші қабылдаған және қолдаған Түрік мемлекеті болғаннан кейін біздің деген сезіміміз де қарым-қатынасымыз да ерекше. Сондықтан бүгінгі шараны ерекше тарихқа қалатын шара деп айтуға болады."- деді.

Қатысушылардың баяндамаларындан кейін кітаптар аталған мекемеге тапсырылды.

Жаңалықтар