"Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы" тақырыбында халықаралық форум ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтанда "Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің даму кезеңдері: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі" атты халықаралық форум өтті.

01 Aralık 2021 17:34

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараға 15 елден 600-ден астам сарапшылар, саясаткерлер, саяси партиялар мен халықаралық ұйымдардың және Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзербайжан елдерінен өкілдер қатысты. 

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұл кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын айта келе, «Біздің еліміз осы уақыт аралығында ғасырға татитын үлкен жолды жүріп өтті. Ауыр сынақтарды еңсере отырып, халқымыз мемлекеттілігін қайта жаңғыртып, өзінің ғасырлар бойғы Тәуелсіздік туралы арманын ақиқатқа айналдырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жете ойластырылған батыл реформалары қысқа уақыт ішінде халықты ұйыстырып, болашаққа деген үміт пен сенім ұялатты. Орнықты экономикасы бар табысты, бейбітсүйгіш мемлекет құруға мүмкіндік берді», - деді Бауыржан Байбек.

Форумға Түркия атынан Ақ Партия Сыртқы қатынастар жөніндегі басқарманың орынбасары Эфкан Ала қатысты.

Ала Түркия мен Қазақстан тамыры тереңге жайылған бауырлас елдер екенін атап өтіп: "Біз бауырлас Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз."- деді. Сонымен қатар екі ел арасындағы тауар айналымы 3 миллиард доллардан асқанын еске салған Ала коронавирус эпидемиясына қарамастан, осы жылдың қаңтар-тамыз айларында екіжақты сауданың 65 пайызға өскенін мәлім етті.

Форум аясында "Саяси партиялар және азаматтық қоғам", "әйелдер мен жастардың саяси процестерге қатысуын ұлғайту" және "сайлаудағы әлемдік тәжірибе" тақырыптарындағы сессиялар өткізілді.
 

Жаңалықтар