Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік іскерлерді Қазақстанға инвестиция тартуға шақырды

Сапарбекұлы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, түрік инвесторларын жаңа ұлттық мақсаттарды бірлесіп құру үшін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

08 Eylül 2021 17:01

Елші, Анкара дағдарыстық және саяси зерттеулер орталығында "Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы: жүйелі реформаларды жалғастыру" тақырыбында сөз сөйледі.

Алдымен Сапарбекұлы 16-шы желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігін қайта алуының 30 жылдық мерейтойы болатынын атап өтіп, әр тәуелсіз елдің дамуы маңызды екенін айтты.

Сапарбекұлы, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау - Қазақстанның дипломатия саласындағы маңызды жетістігі екеніне аса назар аударды.

Сонымен қатар Елші, Қазақстанның қазіргі таңда тұрақты мемлекет екенін атап өтіп, еліміздегі білім беру саласындағы жетістіктер туралы ақпарат берді. Қазақстанның сәтті сыртқы саясаты туралы мәлімет берген Елші мырза, еліміз көптеген мемлекеттермен бірлескен жобалар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің табиғи байлығын пайдалана отырып, ұлттық табысын арттырғанын еске салған Сапарбекұлы, өткен жылы Қазақстанға 4 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылғанын мәлімдеді.

Елші сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-ші қыркүйекте жасаған жолдауының маңыздылығын айта келе, Президенттің жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтудан бастап жаңа аграрлық саясатты айқындауға дейінгі бірқатар маңызды мәселелерді қозғағанын айтты.

"Түрік инвесторларды қойылған мақсаттарды бірлесіп орындауға шақырамыз"

"Түрік инвесторларды Мемлекет Басшымыздың жолдауындағы қойылған мақсаттарды бірлесіп орындауға шақырамын. Денсаулық сақтау саласында Қазақстанның 17 пайыздық ұлттық фармацевтикалық секторы бар. Мен алдағы кезеңді қазіргі инвесторларымыздың өндірістік қуатын кеңейту және жаңа инвесторларды тарту мүмкіндігі ретінде көремін," - деп жалғастырды Сапарбекұлы.

Сапарбекұлы: "Түркия үшін Қазақстан- тау-кен өнеркәсібі тұрғысынан өте маңызды ел. Бұл тұрғыда біз түрік инвесторларымен жұмысымызды жеделдетеміз. Түрік өнеркәсібінің нығаюы табиғи ресурстарды қажет етеді, сондықтан Түркияның табиғи ресурстарды алатын алғашқы мекен-жай - бауырлас түркі әлемі болуы керек,"- деді.

Сонымен қатар Қазақстанның Түркиядағы Елшісі әлеуметтік саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Түркияның денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен бөлісе отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қоса алатынын айтты.



 

Жаңалықтар