01 Eylül 2021 16:26
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің ынтымақтастық пен сенімді нығайту шаралары жөніндегі конференцияның атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады.
Кездесу барысында Нұр-Сұлтанда өтетін конференцияға арнайы жасалған дайындық жұмыстары талқыланды.
Тілеуберді, бұл конференцияның халықаралық аренада танымал болуы үшін корпоративті трансформациялау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанның Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша 1993 жылы Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум ұйымдастырылды. Форумға 27 мүше ел, 9 ел және 5 бақылаушы мәртебесіне ие халықаралық ұйым қатысады.