2022

Бурса - "Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022"

ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы тарапынан "Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" ретінде таңдалған Бурса қаласында түрлі мәдени іс-шаралар өткізілмек.

18 Kasım 2021 18:47

"Бурса - Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" тақырыпты арнайы отырысқа ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Бурса қаласының әкімі Алинур Ақташ, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің үкіметтік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Акиф Марифли, Әзербайжан Республикасының ТҮРКІСОЙ-дағы өкілі Эльчин Гафарлы және Бурсаның облыстың мәдениет және туризм жөніндегі директоры Камиль Өзер қатысты.

ТҮРКІСОЙ Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Осман империясының астанасы және көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болған ежелгі Бурса қаласы "Түркі әлемінің мәдени астанасы" атағын лайықты көтеріп, эстафетаны келесі мәдени орталыққа табыстайтынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасейінов Бурса қаласын танымал етуге бағытталған мәдени шаралар Литваның Каунас және Сербияның Нови Сад сияқты еуропалық қалаларда да өтетінін атап өтті.

Өз кезегінде Бурсаның әкімі Ақташ 2022 жылы Бурсада ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар туралы мәлімет беріп, қазіргі жоспарда  4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, 2-ші "Қорқыт Ата-түркі әлемі" кинофестивалі, 5-ші Түркі әлемінің ұлттық спорт фестивалі, Бурса әкімшілігінің 3-ші кітап жәрмеңкесі, 12-ші Фото-фестиваль, Бурса қаласының 60-шы халықаралық фестивалі, сондай-ақ ТҮРКІСОЙ ұйымының дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан іс-шаралардың ұйымдастырылатыны туралы хабарлады.


 

Жаңалықтар