Дунайдан Орхунға дейінгі Жібек жолы Ралли командасы Қазақстанға келді

Түркияның Нұр-сұлтан елшілігі ғимаратының алдында Шығыс пен Батыс арасындағы достық пен бейбітшілік қауымдастығы ұйымдастырған және Түркияның Сыртқы істер министрлігі мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы қолдаған раллиге қатысатын командасы ресми рәсіммен қарсы алынды.

23 Ekim 2021 13:07

Аталмыш қауымдастықтың төрағасы Надир Серин жасаған мәлімдемесінде ралли турының Германиядан басталғанын атап өтті. Ралли жолының жоспарында жалпы алғанда Еуропа, Түркия, Гүржістан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан болған деп хабарланды. 16 мың километр жол жүрген команда енді Қазақстанға дейін келді.

Серин мырза ралли жолының 20 тамыз күні басталғанын, сондай-ақ командасында 6 адам болғанын айта келе, 3 көлік қолданылғанын айтты.

Осыдан бұрын команда Германияда орналасқан Дунай алқабынан Ресейге дейін жол алған болатын. Алайда биыл түркітілдес елдерге бірінші рет келіп тұр.

Бұл раллиның соңғы аялдамасы Моңғолия болады.


 

Жаңалықтар