20 Ekim 2021 17:08
Бұл туралы мәлімет Кембридж Университеті сарапшыларының есебінде жарияланды.
Қазақстан биткоин өндіруде 18,1 пайыздық үлесімен әлемде екінші орынға көтерілді. Криптовалюталар өндірісі бойынша рейтингте бірінші орында 35,4 пайыз үлесімен АҚШ, ал Ресей 11,2 пайыз үлесімен үшінші орынға ие болды.
Соңғы айларда елімізде биткоин өндірімі 6,4% - дан 18,1% - ға дейін көтерілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам биткоин өндіру компаниясы бар.