Еліміздің киноиндустриясында отандық өндірістердің үлесін арттыру мақсаты қойылды 

Бұл туралы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева "Рухани жаңғыру" ұлттық жобасына арналған арнайы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

22 Ekim 2021 10:32

Министр қарастырылып отырған жоба аясында еліміздің шығармашылық әлеуетіне тікелей ықпал ету үшін отандық өндірістерді жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

"2025 жылға қарай отандық фильмдердің үлесі елде көрсетілетін фильмдердің 25 пайызын құрауға тырысамыз. Сонымен қатар, 40-қа жуық анимациялық фильм түсіріледі және киноиндустрия саласында жоғары әлеуетке ие 150 талантты қолдаймыз." - деп жалғастырды Балаева.

Сондай-ақ министрдің айтуынша елімізде ортақ электрондық мәдени платформаны дамыту жоспары бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл платформа арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен электрондық түрде Қазақстанның мұражайлары, театрлары мен кітапханаларына тегін қол жетімділік берілетін болады.

Жаңалықтар