30 Kasım 2021 18:35
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов Министрлер Кабинетінің кезекті жиналысында берген мәліметтерге сәйкес, коронавирустың Омикрон деп аталатын жаңа штаммының таралуын алдын алу үшін 3-ші желтоқсаннан бастап жаңа ережелер енгізіледі.
Тиісінше, Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсватини, Танзания және Гонконгтан келген шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне шектеу қойылады. Сонымен қатар Мысыр рейстері де тоқтатылатын болады.
Омикрон нұсқасы анықталған елдерден келген жолаушылар екпе паспортынан басқа, ПТР сынақ нәтижесін де тапсыруы керек болады.
Аталған жолаушылар 7 күндік карантинде қалуға міндетті болады.
Шоранов елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін және соңғы айда Ковид-19 жұқтыру деңгейі 2,8 есе төмендегенін атап өтті.
Қазіргі уақытта "қызыл санатқа" тек Солтүстік Қазақстан кіреді .
Өткен тәулікте елімізде 654 адам вирус жұқтырды.