Елімізде құйма алтынға сұраныс өсуде

Өткен жылдармен салыстырғанда қазақстандықтар құйма алтынды 1,5 есе көп сатып алуға бастады.

20 Ekim 2021 17:36

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәлімдеді.

Берілген мәліметтерге сәйкес қазақстандықтар қаңтар-қыркүйек кезеңінде жалпы алғанда салмағы 822,9 кг болған 22 мың 837 дана құйма алтын сатып алды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 566,3 кг (13 мың 208 дана) алтын құймасы сатып алынған болатын.

Алтын құймалардың салмағы 5, 10, 20, 50 және 100 грамм, алушылар көбінесе 10 граммдық құйма алтынды таңдайды.

Қазіргі уақытта елімізде 2,4 тонна салмағында 65 мың 416 дана алтын сатылды.

 

 

Жаңалықтар