09 Aralık 2021 13:23
Берілген мәліметтерге сәйкес, соңғы жылы Қазақстанға көрші елдерден оралған 17 мың 358 қазақ елде тұруға ықтиярхат алды.
Олардың жартысынан көбі Өзбекстаннан, 9,7% Қытайдан, 6% Түркіменстаннан және 2,5% Моңғолиядан елге оралды.
Айта келе жатсақ, 2020 жылы елімізге 12,3 мың қазақ оралған болатын.
Қазақстан тәуелсіздігін қайта алғаннан кейін, 1991 жылдан бастап елімізге шетелден жалпы алғанда 1 миллион 87 мың 700 қазақ оралды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін демографиялық проблемаларға тап болған Қазақстан үкіметі "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша шетелде тұратын және отанына оралғысы келетін казактарға көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта 40-тан астам елде 5 миллионға жуық казактар өмір сүретіні белгілі, олардың көпшілігі 1920-1930 жылдары Кеңес режимі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық салдарынан кеткендердің ұрпақтары.
2020 жылы қол қойылған заңға сәйкес, елге оралған казактарға "қандас" мәртебесі беріліп, елде тұруға рұқсат және азаматтық алуға өтініш беру мүмкіндігі беріледі.