30-370

Елімізге 30 жылда 370 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды

Бұл туралы Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың өкілдерімен өткен кездесуде мәлім етті.

04 Aralık 2021 16:15

Жиналыста Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының бірі болғанын атап өтті, сонымен бірге инвестициялық мүмкіндіктерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

"Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыстар бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Тәуелсіздік жылдары шетелден 370 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Мемлекет инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді. Біз әрбір инвесторды жеке әрі кешенді қолдау қағидатын енгіздік," - деді Президент.

Елімізде жекешелендіру бойынша қарқынды жұмыстар өткізіліп жатқанына назар аударған Тоқаев:

"Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларында 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз," - деп жалғастырды.

Жаңалықтар