02 Eylül 2021 10:14
Қырғызстанның астанасы Бішкекте орналасқан Имам Серахси мешіті-Орталық Азиядағы ең үлкен ғибадат орындарының бірі.
Қала орталығында орналасқан мешіт өзінің 4 мұнарасымен түрік сәулет эстетикасын бейнелейді.
Анкарадағы мешіттің аналогы ретінде салынған мешітте бір уақытта 20 мың адам намаз оқи алады.
Шамамен 35 гектар жерге салынған мешіт пен оның кешені төрт бөліктен тұрады. Кешен құрамына мешіт, сондай-ақ Діни қызметтер кеңесі мен мүфтилер ғимараттары кіреді.
Орталық Азияда орналасқан мешіттерге ұқсамайтын мешіт өзінің ішкі және сыртқы сәулетімен ерекшеленеді. Имам Серахси мешіті Осман қолөнеріне сәйкес безендірілген оюлармен таң қалдырады.
Мешіттің құрылысы 2012 жылы басталып, 2018 жылы аяқталды.
Жыл бойынша мешітке мыңдағат адам ғибадат жасау үшін келуде.
Anahtar Kelimeler: Қырғызстан,