21 Ekim 2021 09:51
IX Түркітану конференциясы Қожа Ахмет Ясауи университеті, Гази университеті, Анадолу университеті және Ыстанбұл университеті тарапынан ұйымдастырылды.
Конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде кіріспе сөзі сөйлеген Шімшек Ахмет Ясауи университетінің түркітілдес елдердің рухани астанасы - Түркістанға жарық түсіргенін атап өтіп: "Түркітану дегеніміз сөздердің этимологиясымен айналысатын ғылымның бір саласы ғана емес, сондықтан конференцияда астрономия, археология, тарих, әдебиет, тіл салаларына тиесілі тақырыптар да қозғалады." - деді.
Түркітану білім саласының 200 жылдық тарихы болғанына тоқталған Шімшек, "Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы зерттеушілерді қолдауға, қазақ тарихы мен әдебиетінің ежелгі дәуірін дәлелдеуге ерекше қызығушылық танытты және осы зерттеулер өз жемісін бере бастады. Университетіміздің ұйымдастырған Түркітану конференциясы Қазақстан мен Түркия достығының символы болып, бұл саладағы жаңа зерттеулердің басталуына себепкер болады деп үміттенемін," - деп жалғастырды.
Аталған конференцияның ашылу рәсімінде Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова, ректордың орынбасары Женгиз Томар, Ахмет Ясауи университетінің Түркітану зерттеу институтының басшысы Бүлент Байрам, сондай-ақ Гази университетінің ректоры Мұса Йылдыз, Анадолу университетінің ректоры Фуат Ердал, Ыстанбұл университеті ректорының көмекшісі Ильяс Топсақал қысқа баяндама жасады.
"Түркі мәдениеті мен өркениетінің сабақтастығы" деген тақырыппен өтетін конференцияға 7 елден 120-дан астам ғалым қатысады.