04 Aralık 2021 05:24
Құрт - Орталық Азия көшпелі халықтарының ең сүйікті өнімдерінің бірі. Сиыр немесе ешкі сүтінен жасалатын құрт, түбі түркі халықтарда курут, курт, гурт, гурут деп аталады.
Қазақ халқының да көшпелі өмірінде кеңінен қолданылған құрт әлі күнге дейін дастарханның төріне қойылады.
Құртты дайындау технологиясы, оны тамақ дайындауда қолдану және әдістері, әдетте, түркі тілдес халықтар арасында бірдей. Алдымен сүт қайнатылып, айран ашытылады. Айран бiрнеше күн бойы ағаш ыдысқа жиналады. Онан соң барлық айран қазанға құйылып, қою масса пайда болғанға дейiн қайнатылады. Бұл масса салқындатылып, кiшiгiрiм бөлiктерге бөлінеді. Мұндай қайнатылған құрт өте жоғары пайдалы өнiм, оны ұзақ сақтауға болады.
Құрт темір, магний, калий және кальций сияқты маңызды дәрумендерге бай.
100 грамм құрттың құрамында 260 килокалория бар.