11 Aralık 2021 20:09
Дженгиз Дагджи 1919 жылы 9 наурызда Қырымның Гурзуф қаласында дүниеге келді.
1929 жылы Қырым татарлары Сталиннің бұйрығымен жер аударған кезде, Дженгиз 10 жасында болған. Ол балалық шағында қайғырған ұлтының тағдырына куә болады. Қырым татарлары бастан кешкен қайғылы күндер жас жазушыға үлкен әсер етеді.
Әкесі қамауға алынды
1930 жылдары колхоз саясаты басталды, қарапайым халықтың меншігін мемлекет қолына алды. Дженгиздің әкесі жүзім жапырақтарын сүйіп жылағаны үшін қамауға алынды. 3 ай түрмеде қалған әкесі босатылғаннан кейін Дженгиз отбасымен бірге Ақмешітке көшті.
Алғашқы шығармалары
1936 жылы әдебиет пәнінің мұғалімі Акимованың көмегімен "Қыс", "Қарт ана және ешкісі" өлеңдерін жазады. Көп ұзамай Дженгиз "Айтыңдар қабырғалар", "Сүйікті Ялтам" өлеңдерін де шығарады.
1937 жылы Дженгиз Ақмешіттегі Педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Университетте оқып жүргенде Қырым тарихы туралы кітаптарға деген қызығушылығы артады. Сол уақытта Дженгиз Өмер Сейфеттиннің жұмыстарымен танысады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басында әскерге шақырылған Дженгиз, 1940 жылдың желтоқсанында Қызыл армияға қосылады. 1941 жылдың тамызында немістерге тұтқынға түседі. Ол Украинаның Кировоградттағы түрмеге қамалады, ал 2 айдан кейін әскери тұтқын ретінде Уман лагеріне ауыстырылады. Лагерьлердегі тұтқындар ең ауыр жұмыстарда жұмыс істеп, аштықпен және түрлі аурулармен күреседі.
1943 жылдың аяғында Францияның оңтүстік-батысына жіберілген Дженгиз Альбиге сапары кезінде Қырымға оралғысы келетінін айтады. Бірақ Қырым жолы жабық болғандықтан Варшавада күтуге тура келетін болады. 1944 жылы Дженгиз болашақ жұбайы Регинамен кездеседі.
Дженгиз Дагджи Берлинге барып, "Жас Түркістан" газетінде жұмыс істей бастайды.
1947 жылы Лондонға көшкен Дженгиз және Регина күнін мейрамхана ашып көруге бастайды.
1998 жылдың 13 қаңтарында Регина қайтыс болады. Дженгиз әйеліне арналған кітап шығарады. Кітап оның естеліктерін сипаттайды.
Дженгиз Дагджи 2011 жылы қайтыс болды.
Дженгиз Дагджи 2011 жылғы 22 қыркүйекте Саутфилдте қайтыс болды. Түркия үкіметінің күш-жігерінің нәтижесінде Дженгзи Дагджи туған Қызылташ ауылында жерленді.
Дженгиз Дагджи Түркияға ешқашан бармаса да, өзінің романдарының көпшілігін түрік тілінде жазды.