Мажарстан астанасы Будапештте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің Көлік және коммуникация министрлерінің 5-ші отырысы өтуде

Түркі Кеңесіне мүше елдердің көлік және коммуникация министрлерінің 5-ші отырысы Мажарстанның инновациялар және технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

14 Ekim 2021 16:03

Мажарстанның астанасы Будапешт қаласында Түркі кеңесіне мүше елдердің Көлік және коммуникациялар министрлерінің кезекті отырысы өтуде.

Мажарстан инновациялар және технологиялар министрінің төрағалығымен өткен отырысқа Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Көлік министрлері, бақылаушылар, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бинали Йылдырым қатысуда.

Бұған дейін Түркия Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Әділ Қараысмайылоғлу Мажарстанның инновациялар және технологиялар министрі Ласло Палковичпен кездесті.  Кездесу барысында екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Ал министрлердің жалпы кеңесінде тараптар жаһандық індеттен кейінгі кезеңде Транскаспий халықаралық Шығыс-Батыс көлік дәлізі арқылы жүктерді транзиттік тасымалдауды жеңілдету жөніндегі шараларды талқылады. 

Сондай-ақ, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы көлік және транзиттік рәсімдерді цифрландыру мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше мемлекеттер арасында "Халықаралық біріккен жүк тасымалдары туралы келісімге" қол қойылды.

Жаңалықтар