Нұр-Сұлтанда мажар ғалымы Армин Вамберинің "Орталық Азияға саяхат" атты кітабының тұсауы кесілді

Халықаралық Түркі академиясы, Мажарстанның Қазақстандағы елшілігі және Н.Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен “Армин Вамбери - Орталық Азиядағы түркі халықтарын зерттеген алғашқы мажар ғалым" атты халықаралық жиын өтті.

29 Ekim 2021 04:01

Елордадағы Ұлттық Академиялық Кітапханада Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Польша елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Н.Назарбаев универститенің ғалымдары, Мажарстаннан арнайы келген мамандар және танымал түркологтардың қатысуымен Түркі академиясы шығарған А.Вамберидің “Орталық Азияға саяхат” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шарада сөз сөйлеген Түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі, мажар түркологы Вамберидің кітабында Түркістан халықтарының тарихы, мәдениеті, этнографиясы мен географиясы кеңінен қамтылғанын атап өтті.

Қыдырәлінің айтуынша кітап алғаш рет 1865 жылы Санкт-Петербургте орыс тілінде жарық көрген. 

"Түркі академиясы бұл шығарманы оның төл көшірмесіне сәйкес қайта шығарды," - деді Түркі академиясының төрағасы.

Іс-шара Вамберинің жұмыстары көрмесімен аяқталды.

 

 

Жаңалықтар