26 Kasım 2021 23:54
«Ханшатыр» ОСО-да өтіп келе жатқан көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы басшысының орынбасары Алмагүл Исина, дипломаттар, депутаттар мен қонақтар қатысты.
«Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» деп аталған жас суретшілер көрмесі түрік ақыны және ойшылы Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына орай ұйымдастырылып тұр.
Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Экиджи Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының 10 жылдан астам қызмет етіп келгенін еске салып, осы күнге дейін орталықта көптеген мәдени, ағарту іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті.
Көрмеге «Түрік шайы», «Көз моншақ», «Галата мұнарасы» және «Ыстанбұлда күннің батуы» секілді Түркияның тарихы мен мәдениетін бейнелейтін 35 туынды қойылған.