Нұрсұлтан Назарбаев: «Нұр Отан» партиясын ел Президенті басқарғаны маңызды деп білемін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының төрағалық міндетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

23 Kasım 2021 17:23

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасындағы мәлімдемесінде шешімнің бүгін "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңес жиналысында қабылданғанын хабарлады.

«Мен партия құрылымының бастауында тұрдым, оны осы жылдар бойы басқардым және «Nur Otan» партиясын ел Президенті басқарғаны маңызды деп білемін. Солай болды да. Біз мұны партия Жарғысына сүйене отырып шешуіміз керек. Бұл біздің бірлігімізді көрсету үшін маңызды қадам. Құрметті партия мүшелері! Бүгінде «Nur Otan» - еліміздің басты саяси күші. Билеуші партия ретінде қалыптасқан 20 жыл ішінде ол қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және Тәуелсіздігімізді нығайту жөніндегі ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырды,» - деді Елбасы.

 

Жаңалықтар