Омикрон штаммының таралуына байланысты Мысырдағы қазақстандық туристер эвакуацияланады

Мысырға демалыс үшін барған шамамен 4 мың Қазақстан азаматының эвакуациялануы үшін 23 ұшақ рейсі іске асырылады деп күтілуде.

30 Kasım 2021 23:50

"Қамқор" туристік қауымдастығының мәлімдемесіне сәйкес, жақын арада Мысырға Air Astana ұлттық әуе компаниясының ұшақтарымен эвакуациялық рейстер басталады.

Қазіргі таңда Қазақстанның 4 мыңға жуық азаматы Мысырда демалыста, делінген хабарламада. "Азаматтарымызды елге жеткізу үшін 23 эвакуациялық рейс жасалады. Ол уақытқа дейін оларды алаңдамауға және барлық сақтық ережелерге сәйкес әрекет етуге шақырамыз." - делінді.

Мысырға жаңа жыл туры сатып алған азаматтарға демалыс бағыттарын өзгертуге немесе ақшаларын қайтаруға мүмкіндік берілетіні атап өтілді.

Айта келе жатсақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов Министрлер Кабинетінің кезекті жиналысында берген мәліметіне сәйкес, коронавирустың Омикрон деп аталатын жаңа штаммының таралуын алдын алу үшін 3-ші желтоқсаннан бастап жаңа ережелер енгізілетін болады.

Жаңалықтар