Орталық Азияның қазынасы: Өзбекстан

Өзбекстан ежелгі тарихымен, ерекше тағамдарымен және қонақжай халқымен келушілерді таң қалдырады.

09 Ekim 2021 22:58

Өзбекстан-Орта Азияның орталығында орналасқан мемлекет. Шығысында - Қырғызстанмен, солтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында - Қазақстанмен, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде - Түркіменстанмен, оңтүстігінде - Ауғанстанмен және оңтүстік-шығысында – Тәжікстанмен шектеседі. Халқы 35 миллион адам.

Өзбек халқының тарихы Орталық Азияның басқа түркі халықтарының тарихымен тығыз байланысты. Өзбекстан аумағында ең алғашқы мемлекеттердің пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жатады. Ол кезде Хорезм сияқты мемлекеттер құрылды. Кейінірек мұнда Темір, Хорезмшах және Шейбани мемлекеттері билік етті.

Ресей империясының Өзбекстан аумағын басып алу әрекеттерінің басында осы аймақта үш мемлекеттік құрылым болды: Бұхара хандығы, Қоқан хандығы және Хиуа хандығы.

Кеңес өкіметі орнаған кезде бүкіл Орталық Азия Кеңес Одағының құрамына енеді. 1924 жылы 27 қазанда Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды.

1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздігі жарияланды. 

Өзбекстандағы мәдениет пен қоғамдық қатынастардың ұзақ тарихы бар. Соңғы жылдары туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Елде түркі-ислам өркениетінің маңызды еңбектері бар. Өзбекстанның тарихи қалалары келушілерді ортағасырлық көк күмбезді мешіттері мен медреселерімен, керемет керуен-сарайларымен және баға жетпес мұнараларымен таң қалдырады.

Ежелгі сәулеттің бірегей ескерткіштері, ғылыми және көркемөнер оқу орындарының мұралары, қолөнершілердің шеберханалары бүкіл әлемге танымал.

Өзбекстан діни туризм саласында үлкен әлеуетке ие. Имам Бухари, Имам Матуриди, Ахрар ж.б. Ислам ғалымдарының кесенелері Өзбекстанда орналасқан.

Әртүрлі дәуірлердегі тарихи ғимараттарға толы Өзбекстанның заманауи жағы да бар: елде көп қабатты үйлер, мейрамханалар мен кафелер жиі кездестіруге болады.

Жаңалықтар