Орталық Азияның ең үлкен базары - Дордой

Қырғызстанда орналасқан Дордой базары 55 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

18 Eylül 2021 17:13

Қырғызстанның ең ірі базары - Дордой 1991 жылы ашылды.

Аталған елдің тәуелсізідігін алғаннан кейін қызмет беруге бастаған базарда 40 мыңға жуық сауда орны бар, сондай-ақ бұл жерде 55 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Толығымен контейнерлерден тұратын базарда ыстық тамақ, жеміс-жидек, көкөніс, ет, мата-киім, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника, жиһаз, электроника, косметика және тағы да басқа заттар сатылады. Төмен бағалармен қызықтыратын Дордой қырғыздардың ең көп баратын базары болып табылады.

Тек жаңа жыл мерекесінде қызмет бермейтін Дордой базары жылдың 364 күні таңғы 6-дан кешкі 3-ке дейін жұмыс істейді. 

Жаңалықтар