Портрет: Әзербайжанның ұлы ақыны Ахмед Джавад

Әзербайжан ұлттық әнұранының авторы Ахмед Джавадтың жарқын естелігі ешкақашан ұмытылмайды.

12 Aralık 2021 15:46

"Ол ақын болып туылды, ақын ретінде өмір сүрді және ақын секілді дүниеден озды"

Ахмед Джавад 1892 жылы 5 мамырда Әзербайжан, Гиждуван қаласының маңындағы Шамкир облысының Сейфели ауылында дүниеге келген. Джавад Моллахан ауылында араб жазуы мен Құран оқуды үйренеді.

6 жасында әкесінен айрылған ақын, анасымен бірге Генжеге кетуге мәжбүр болдаы. Генже қаласында Шах Аббас мешітіндегі медреседе араб, парсы және орыс тілдерін оқиды. Әсіресе тарих пен әдебиет сабақтарын мұқият оқиды. Абдулла Сур, оның әдебиет пәнінің мұғалімі, оған үлкен әсер етеді.

Медреседе жазған алғашқы өлеңдері газет-журналдарда жарияланған.

Османлы армиясындағы қызметі

1912 жылы медресені бітірген Джавад Осман империясы атынан Балқан соғысына қатысады. Ахмет Джавад досы Абдулла Шаикпен бірге "Кавказ еріктілер армиясына" қосылып, Ыстанбұлға аттанады. Олар Фракиядағы Османлы әскерлерімен бірге Болгар армиясына қарсы соғысады.

Кейін Ыстамбұлға оралған Джавад, әйгілі түрік ақыны Мехмет Эмин Юрдакулмен танысады. Көп ұзамай ол Отанына оралып, Генжеде мұғалім болып жұмыс істей бастады.

Ахмед Джавад мемлекеттік егемендік пен халықтың бостандығы үшін күресті. Түрік халқы үшін бірқатар ерліктер жасады және ұлттық қоғамдық сананың өсуіне айтарлықтай үлес қосты. Ол халықтың патриотизмін тәрбиелейтін шығармалар жарыққа шығарды. 1914 жылы жазылған "Қаратеңіздің толқындары" шығармасы Түрік әлеміне үміт сәулесін түсіреді.

Ахмад Джавад Бакудегі "мұсылман қайырымдылық қоғамының" мүшесі болды. 1915 жылы ол түрік және орыс әскерлерінің тұтқындалған Османлы сарбаздары үшін Әзербайжаннан Батуми, Карс, Ардахан, Сарықамыш, Трабзон, Эрзурумға көмек көрсеткен делегацияға қосылды. Өмірінің бұл кезеңінде үйленген Джавадтың 1916 жылы алғашқы поэтикалық кітабы жарық көреді.

Кавказ Ислам армиясы

Ахмед Джавад Османлы әскерлерімен бірге Бакудегі Ясамал Тауында орыс-армян-британдық әскерлерге қарсы соғысады. 1918 жылы 15 қыркүйекте Нури Паша әскерлерімен бірге Бакуге алғашқылардың бірі болып кіреді. 1918-1920 жылдарды ақынның шығармашылығындағы ең жемісті кезеңі  болды деуге болады. Осы жылдары ол Әзербайжан Республикасын мадақтайтын, халықты шабыттандыратын өлеңдер жазады.

1928 жылы Ыстанбұлда "Тәуелсіздік әндері" кітабы жарық көрді

1930-1933 жылдары Генжедегі Әзербайжан ауылшаруашылық институтында Әзербайжан және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, доценті, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1934 жылы Әзербайжан мемлекеттік баспасының аударма бөлімінің редакторы, ал 1935-1936 жылдары Әзербайжан деректі фильмдер студиясының директоры болды.

Ахмед Джавад ұлтына деген арнаған өлеңдері мен елінің тәуелсіздігі үшін жасаған жұмыстарына байланысты билік тарапынан үнемі қадағаланды.

Әскери соттың шешімімен Джавад 1937 жылы 13 қазанда атылды.

1955 жылы КСРО Бас прокуроры Ахмад Джавадқа тиісті барлық айыптаулардың негізсіз екенін дәлелдеді.


Түркі әлемінің ортақ тілі

Ахмет Джавад түркі әлемінің ең ықпалды зиялысы Исмаил Гаспыралының "Тілде, пікірде, ойда бірлік" қағидатын ұстанды.

Кеңес Одағы ыдырап, Әзербайжан тәуелсіздігін алғаннан кейін Ахмед Джавадтың өлеңдері мемлекеттік әнұран ретінде қабылданды.

"Әзербайжан! Батыр ұлдардың даңқты отаны!"

"Әзірбайжан, Әзірбайжан!

О, батыр ұлдардың даңқты отаны!

Біз сен үшін өлуге дайынбыз!

Біз сен үшін қан төгуге дайынбыз!»

 

Жаңалықтар