qazvak

QazVak коронавирустың Дельта нұсқасына қарсы одан әрі тиімді болады

Отандық QazVak екпесі қазан айынан бастап жұқпалы аурудың Дельта нұсқасына қарсы одан әрі тиімді түрде өндірілетін болады.

08 Eylül 2021 14:54

Бұл туралы отандық вакцинаның авторы, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

Бас директордың баяндауынша, QazVac құрамындағы штамды ауыстыру жұмыстары осыдан 2 ай бұрын басталды.

Бұрын "Ухань" нұсқасынан қорғайтын вакцинаның құрамы "Дельта" нұсқасына қарай алмастырылды, деп хабалаған Закарья: «Ел аумағына дельта штамы келген сәттен бастап, үкіметтің тапсырмасына сәйкес оны зерттеуге кірістік. Клиникаға дейін зерттеу жануарларға жүргізілді. QazVac-тың штамдық құрамын өзгерту арқылы жануарларға жүргізілген зерттеу жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми рұқсатын күтіп отырмыз. Болашақта QazVac құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыстырамыз. Зерттеу нәтижесімен танысып, министрлік рұқсат берген жағдайда, QazVac-тың келесі партиясы жаңа құраммен дайындалады», – деді.

Айта кетейік, QazVak екпесі  26 сәуірден бастап Қазақстанда қолданылуға басталды, ал 28 шілдеде ресми түрде Қырғызстанда тіркелді.

Биыл 9-шы шілдеде 3-шы клиникалық сынақтары сәтті аяқталған QazVak вакцинасы адамның гумерус бұлшықеттеріне енгізіледі, екпенің екінші дозасының 21 күннен кейін салынуы ұсынылады.

 

Жаңалықтар