22 Ekim 2021 16:30
Түркия мемлекет басшысы форум қатысушыларын құттықтап: "Тарих, мәдениет және рухани құндылықтар орталығы Ыстанбұлға қош келдіңіздер, барлығыңызға сәттілік тілеймін," - деп сөзіне бастады.
Президент 2019 жылы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде Түркияда Халықаралық медиа-форум өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтіп, бірлескен күш-жігер нәтижесінде аталған форумның ұйымдастырылғанына қуанышты болғанын білдірді.
3 күн бойынша өтетін форумның жұмысы барысында түркітілдес елдер арасындағы медиа ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланатын болады деп, күтілуде.
Нәтижеде кеңеске мүше мемлекеттер арасындағы медиа ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралардың іске асырылуына сенім білдірілді.
"Бүгінгі күнде, әлеуметтік желілердің таралуымен бірге дезинформацияға тап болудамыз. Жалған және бұрмаланған ақпараттың кесірінен миллиондаған қорғансыз адамдар, ауыр жарақаттанғандар зардап шегеді. Бақылаусыз әлеуметтік медиа демократияға және бүкіл әлемге үлкен қауіп төндіреді," - деді Түркияның басшысы.
"Медиадағы қос стандарттардың үлгілердің бірі Таулы Қарабақтағы 44 күндік соғыста белгілі болды. Армения армиясының бейбіт тұрғындарға бағытталған баллистикалық зымырандардың шабуылдары туралы БАҚ тарапынан ешқандай мәлімет берілмеді. "Сөз бостандығы" ұранымен жұмыс істейтін БАҚ өкілдері Арменияның ұлттық ақпарат агенттігі сияқты әрекет етті. Қарабақ соғысы бұқаралық ақпарат құралдарындағы қосарланған стандарттардың алғашқы немесе соңғы мысалы емес," - деп жалғастырды Ердоған.
Ортақ мәдениетке ықпал ететін телехикая-фильм саласындағы ынтымақтастық
Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен әскери саласында болғандай, медиа саласында да толығымен сыртқа тәуелді болмау керек екендігіне аса назар аударды: "Басқа стратегиялық мәселелер сияқты, біз де медиа және коммуникация саласындағы қиындықтарды өзіміз шешуге тиіспіз. Түркі әлемі ретінде біз осы салада бастама көтеріп, тәжірибе алмасып, күш бірлігін құрып, қолымыздағы мүмкіндіктерді тиімді бағалаудың жолдарын іздеуіміз кажет,"- деді.
Ердоған түркі әлеміндегі ынтымақтастықты дамыту, өзара сенімді нығайту, жалған ақпаратпен күресу, ақпараттық қауіпсіздік, ұлттық ақпараттық технологияларды дамыту және ортақ мәдениетті насихаттау үшін телехикая-фильм жобаларда ортақ жұмыстар жүргізу керек екендігі туралы айтты.