Сұлтан Сүлеймен - Осман империясының ең даңқты сұлтаны

Еуропа тарихында "Ұлы Сүлеймен" деп аталған әйгілі падишаһ 455 жыл бұрын дүниеден озды. Сұлтан Сүлеймен 46 жыл бойынша патша ретінде, мемлекетті басқарған кезде Осман империясының ең даңқты кезеңінің себепкері болды.

13 Eylül 2021 17:12

Осман империясының 10-шы сұлтаны Кануни Сұлтан Сүлеймен 1495 жылы 27 сәуірде Трабзонда дүниеге келді.

Сұлтан Сүлейменнің әкесі Явуз Сұлтан Селим, ал анасы Хафса Хатун.

Сүлеймен әкесі қайтыс болған кезде, небәрі 25 жаста елді басқара бастады. Кануни Сұлтан Сүлеймен Осман империясын 46 жыл басқарды. Бұл жылдар бойынша ел бұрын-соңды болмаған дамып, өркендеді. 

Мимар Синан атындағы өнер университетінің профессоры, доктор Сүлейман Қызылтопрак Сұлтан Сүлеймен туралы ақпаратпен бөлісті:

Алғашқы жеңіс - Белградты алу болды

Қызылтопрактың айтуынша, Сұлтан Сүлеймен Белградты басып алу арқылы алғашқы жетістікке жетті. Таққа отырғаннан кейін көп ұзамай ол 1521 жылы Белградқа жорық жасап, аймақты Осман империясының басқаруына өткізді. Белградты османдықтардың басып алуы батысқа бір хабарлама ретінде қабылданды. 

Осман империясының даңқты дәуірі

Еуропалықтар Сұлтан Сүлейманға деген құрметінен оны "керемет Сүлеймен"деп атады. Ал шығыста падишаһ "Әділ Сүлейман" деген атпен әйгілі болды.


Сұлтан Сүлеймен Осман империясын жеңістен жеңіске жеткізді

Сұлтан Сүлеймен кезінде Осман халифаты бірқатар жеңістерге қол жеткізді. Османлы әскерлері Ресей мен Польша шекараларына, Еуропа елдеріне, Араб түбегінің оңтүстік бөлігі Йеменге дейін шеру жасады. 

Сұлтан Сүлеймен - ақын болған

Патшаның әдеби лақап аты "мухибби" стилімен өлең жазған.болды. Нәзік рухты падишаһ елдің әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне, құрылыс сәулетіне аса назар аударған. Оның дәуірінде қолөнер, зергерлік бұйымдар, әдебиет, мәдениет және сәулет бұрын-соңды болмаған дамыды.

Сұлтан Сүлейменнің заманында аты аңызға айналған сәулетші Синан өмір сүрді

Атақты сәулетші Мимар Синан Ыстанбұлды көптеген туындыларымен безендірді. Сұлтан Сүлейменнің бұйрығымен тұрғызылған сәулет кешендері оның ұлылығын көрсетеді. Мимар Синанның еңбектерінің арасында: Явуз Сұлтан Селим мешіті, Шахзада Мехмет пен Джахангир мешіттері бар.


Сұлтан Сүлейменнің есімімен аталатын Сулеймание мешіті
 

Ыстанбұлдағы екінші үлкен мешіт "Сулаймание" Осман дәуірінің үлгісімен салынған мешіт. Мимар Синанның қолымен жасалған мешіт Сүлеймен патшаның дүниетанымы мен ұлылығын дәлелдейтін керемет сәулет кешендердің бірі.

Сұлтан Сүлеймен Зигетвар шайқасында қайтыс болды

Елді бұрын-соңды болмаған жолмен дамытқан Сұлтан Сүлеймен өзінің кезекті жорығына 72 жасында аттанды. Сұлтан Сүлеймен 1566 жылы 7 қыркүйекте қайтыс болды. Падишаһ өкінішке орай, Зигетвар шайқасында бекіністің алынғанын көре алмастан дүниеден озып кетті.


Осман империясының шекарасын 2,5 есе кеңейтті

Сұлтан Сүлеймен Осман империясын ең ұзақ уақыт басқарған сұлтан болды. Оның дәуірінде мемлекеттік шекаралар екі жарым есе кеңейді.

Жаңалықтар