Сәулетші Синанның ең үлкен туындыларының бірі: Зал Махмұт Паша кешені

Қазір мешіт ауласында орналасқан Махмұт Паша сарай кешені Мәдениет және өнер орталығы ретінде пайдалануға берілді.

23 Temmuz 2022 00:09

Орталықта орналасқан шеберханаларда каллиграфия, миниатюралар, керамика және флейта шеберлері өз жұмыстарын жасаумен қатар жас өнер сүйер қауымға білім береді.

Эйюпсұлтан ауданының әкімі Дениз Көкен кешенде музыкалық концерттер, түрлі семинарлар өткізіліп жатқанын атап өтті.

"Мимар Синанның аймақтағы ең үлкен жұмыстарының бірі"

Көкен кешен ішіндегі бөлімшелер суретшілер мен қолөнершілердің шеберханаларына айналғанына назар аударды:

"Біздің басты мақсатымыз - шеберлердің қолөнермен айналысып қана қоймай, жастарға білім беруі", - деді ол.

Эйюпсұлтан аудан әкімшілігінің көркемдік жетекшісі және миниатюристі Лейла Қара кешенде мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өткенін атап өтті.

"Мұнда көптеген мәдени және білім беру іс-шаралары өткізілді. Біз бұл жерді мәдениет пен өнер өкілдері жиналатын орын ретінде ойластырдық", - деді Лейла ханым.

Жаңалықтар